Новости

Жетісулық фермерлер елдегі ауылшаруашылық өнімдердің төрттен бірін өндіреді

Категория: Новости
Дата: 18.12.2019
Просмотры: 27 Печать страницы

Тәуелсіздік алған жылдары Алматы облысында 20 мыңға жуық шаруа қожалығы болатын. Бүгінде олардың саны 45 мыңнан асты. Жетісулық дала еңбеккерлері бүгінде еліміздегі ауыл шаруашылық өнімдерінің төрттен бір бөлігін өндіріп отыр.

Сыдық Әбуұлы Қазақстанда шұбат өндірісін жолға қойған адам. Кәсібін бір түйеден бастаған шаруа бүгінде Ойсыл қара төлін 5 мыңға жеткізіп отыр. Тәуелсіздіктің арқасында өнімін отандық нарықтан бөлек, шетелге де шығара бастады.

Сыдық Дәулет, шаруашылық жетекшісі:  - Осы түйе сүтін құрғатып, көрші Қытай нарығына экспорттай бастадық. Осының өзі біздің шаруашылық үшін үлкен жетістік деп ойлаймын. скл. Қазір Қазақстанда  Тәуелсіздік алғалы еңбек етем деген адамға бар жағдай жасалған деп ойлаймын.  Жетісулық дихандар биыл 960 гектардан астам жерге  егін егіп, 1,4 млн тонна дәнді дақыл алды.

Сонымен қатар 14 мың гектарға қант қызылшасы себіліп, 525 мың тонна тәтті-түбір жиналды. Картоп шаруашылығын дамыту мақсатында ауқымды істер атқарылып жатыр.  Ербол Әбішев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы: - Биыл 34 мың гектардан астам егістік алқапқа картоп себілді.

Одан барлығы 780 мың тонна картоп жиналды. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда егіс көлемі мен картоп көлемі де артып отыр.

Шетелден репродуктивтілігі жоғары картоп әкеліп берілді.   Алматы облысында 1млннан аса ірі қара, 4 млн ұсақ мал, мен 350 мыңға жуық жылқы бар.

 Өткен жылмен салыстырғанда төрт-түлік саны 4,5 процентке көбейген. Соның есебінен шетелге шығарылатын ет көлемі де артты. Жалпы, биыл облыста ауыл шаруашылық саласына қатысты 50 шақты инвестициялық жоба жүзеге асты. Бұл өз кезегінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамассыз етіп, экспорт көлемін артыруға мүмкіндік береді.  

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.