Новости

Алматы облысының фермерлері етті делдалсыз сатуға кірісті

Категория: Новости
Дата: 07.01.2020
Просмотры: 27 Печать страницы
Алматы облысының фермерлері етті делдалсыз сатуға кірісті

Алматы облысы Алакөл ауданының шаруалары бордақыланған мал етін делдалдарға сатпай, бірден дүкен сөресіне шығара бастады.

Бұндай жаңа жүйені нарыққа  жергілікті қожалықтардың бірі енгізді. Өткен жылдың соңында ашылған серіктестікте қазір 400 бас ірі қара бордақыланып отыр. Күн сайын соның төртеуін сойып, етін арнайы дүкендерге апарып өткізеді. Осы арқылы тұрақты табыс тауып, өз тұтынушыларын қалыптастырмақ. Жалпы жыл өткен сайын өңірде мал бордақылау алаңдары көбейіп келеді. Бүгінде аудандағы 6 ірі кешенде 6,5 мыңнан аса ірі қара мен 5 мыңнан астам ұсақ мал өсіріліп отыр.

Виталий Тондыбаев, мал бордақылау кешенінің жетекшісі:

- Біздің Алакөл ауданының тұрғындары ешбір қоспасыз бордақыланған мал етін тұтынуы керек. Сол үшін біз өз кешенімізді жыл сайын үлкейтіп отырмақпыз. Биыл, жаздық үш қора салдық. Келесі жылы тағы екі,үшеуін салу жоспарда бар.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.