Новости

Алматы облысы бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру туралы ақпарат

Категория: Показатели работы
Дата: 11.05.2017
Просмотры: 109 Печать страницы

Алматы облысы бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру туралы ақпарат

 Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік Қазақстан халқына жолдауында бес жыл ішінде 500 мыңнан астам жеке үй шаруашылықтарымен шағын фермерлерді кооперативтерге тартуға мүмкіндік беретін жағдай жасау» бойынша берілген тапсырмасын орындау мақсатында облыс аумағында нақты жұмыстар атқарылуда. 2016 жылы елді мекендерде ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында 10 ауыл шаруашылық кооперативі құрылды, оның ішінде 5 копператив ет өндіру бағытында және 5 кооператив сүт бағытында. Осы 10 кооператив құрамында 171 жеке тұлғалар кірді. Соның ішінде ет өндіру бағыты бойынша барлығы 5 кооператив, біріккен шаруашылықтар саны 102. (Кербұлақ ауданында 1 кооператив «Майтобе ЕТ» АШК біріккен шаруашылықтар саны 24, Панфилов ауданында 3 кооператив «Ағым» АШК, «Қызыл тан» АШК, «Зейдинов Руслан» АШК біріккен шаруашылықтар саны 12 және Талдықорған қаласындағы «Қойлық» АШК біріккен шаруашылықтар саны 66). Сүтті бағытта барлығы 5 кооператив біріккен шаруашылықтар саны 69. (Ұйғыр ауданында «Алкебекова» АШК біріккен шаруашлықтар саны 12, Іле ауданында «Ырыс» АШК біріккен шаруашылықтар саны 9, Жамбыл ауданында «Кастек-Сыбаға» АШК біріккен шаруашылықтар саны 5, Ақсу ауданындағы «Дыңгек» АШК біріккен шаруашылықтар саны 23 және Сарқан ауданындағы «Көкөзек-Сүт» АШК біріккен шаруашылықтар саны 20). Мемлекеттік пилоттық жоба бойынша 3 кооператив (Кербұлақ ауданында «Майтобе ЕТ» АШК, Ақсу ауданындағы «Дыңгек» АШК, Сарқан ауданындағы «Көкөзек-Сүт» АШК. 2016 жылы Ауыл шаруашылығын қолдау қоры арқылы 150,3 млн теңге жеңілдетілген несие алынды. Бұдан бөлек облыста қосымша 6 сүт қабылдау пункті құрылды (Ақсу ауданында 1 пункт, Жамбыл ауданында 2 пункт, Сарқан ауданында 2 пункт және Панфилов ауданында 1 пункт) қуаттылығы 12 тонна. 2017 жылға барлық аудандарда жеке қосалқы шаруашылықтарын біріктіретін 39 ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жоспарланған. Бұл бағытта «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ және «Аграрлық несие корпарациясы» АҚ қаржыландыру институттары мен бірлесіп құрылатын ауыл кооперативтерін жеңілдетілген несие мен қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылы осы жоспарланған 39 кооперативтің 8 кооперативін мемлекеттік пилоттық жоба бойынша Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры акционерлік қоғамы арпқылы жеңілдетілген несие арқылы қаржыландыру жоспарланған. Бұл мақсатта «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ 400,0 млн теңге бөлуді жоспарланған. Бүгінгі күні ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп барлық аудандарда ауылды жерлерде кооператив құрудың маңыздылығын түсіндіру мақсатында семинар-кеңестер өткізілді. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамымен бірге пилоттық жобаларды іске асыру мақсатында нақты жұмыстар атқарылуда: Панфилов ауданындағы Көктал ауылдық округі, Ұйғыр ауданындағы Шонжы ауылдық округі, Жамбыл ауданындағы Саймасай ауылдық округі, Еңбекшіқазақ ауданындағы Ақши ауылдық округі, Көксу ауданындағы Лабасы ауылдық округі, Ақсу ауданындағы Жансүгіров кентінің әкімдерімен және ауыл тұрғындарымен кооператив құру және оны «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы жеңілдетілген несиемен қаржыландыру туралы жұмыстар жүргізілді.

Антикоррупционная политика

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2017. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.