Отдел животноводства

Почталық мекен - жайы: 040000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қ., Қабанбай батыр көшесі, 26

Электрондық почтаның мекен – жайы: obl_ush@mail.ru

Телефоны: 8(7282)329702

Факс: 8(7282)329702



Бөлім басшысы – Ерназаров Серікбай Ештайұлы

Міндеті: облыстың мал шаруашылығында технологиялық саясатты жүзеге асыру.

Функциялары:

1. Қазақстан Республикасының “Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы” заңын жүзеге асыру;

2. Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне сәйкес агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау бағдарламаларын жүзеге асыру;

3. Мал шаруашылығы салаларын дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, “Облыста мал шаруашылығының кешенді даму бағдарламасын”, алқа мәжілісінің қаулыларын, бұйрықтар мен өкімдердің, мал шаруашылығы жөніндегі нұсқауларының, басқарманың мал шаруашылығының тиімділігін арттыруға бағытталған шешімдерінің орындалуы мен сақталуын іске асыруды ұйымдастыру;

4. Агроөнеркәсіп кешеніндегі реформаларды жетілдіруге, шаруашылық жүргізудің әртүрлі үлгілерін дамытуға қатысу;

5. Мал шаруашылығы саласын дамыту бағдарламасын іске асыруда инвестиция тарту;

6. Мал саны мен мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді көбейту жөніндегі перспективалық ұзақ мерзімді концепциялар мен шараларды жасауға және оларды өндіріске енгізуге қатысу;

7. Мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің озық технологияларын енгізу жөніндегі шараларға қатысу;

8. Мал шаруашылығы саласындағы басымды бағыттарды анықтау;

9. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытудың және сақтаудың облыстық (өңірлік) бағдарламаларын жасауға қатысу;

10. Асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тізілімін жүргізу және басып шығару;

11. Бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердің есебін жүргізу;

12. Құндылығы жоғары асыл тұқымды малды тиімді пайдалануды ынталандыру мақсатында бағалау туралы деректерді жинақтап, қорыту және оның нәтижелері туралы мүдделі тұлғаларды хабардар ету;

13. Жайылым жерлерді ұтымды пайдалану бойынша мониторинг жүргізу.



Бөлім құрылымы

 

АЖТ

Қызметі

№ контакт
телефоны

1

Ерназаров Серікбай Ештайұлы

Бөлім басшысы

8 (7282) 32-97-02

2

Сыдықов Димаш Рашидұлы

Бас маман

8 (7282) 32-97-02

3

Бекбосынов Дархан Қасымханұлы

Бас маман

8 (7282) 32-97-02

Антикоррупционная политика

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2017. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.