Отдел растениеводства

Почтовый адрес: 040000, Республика Казахстан, Алматинская область, г. Талдыкорган, ул. Кабанбай батыра, 26

Адрес электронной почты: obl_ush@mail.ru

Телефоны: 8 (7282) 329690

Факс: 8 (7282) 329690



Бөлім басшысы - Османбеков Ерлан Тұрарбекұлы

Егін шаруашылығы бөлімі ауыл шаруашылығы басқармасының құрылымдық бөлімі болып табылады.

Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, қолданыстағы Заңдарды, Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметінің актілерін, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұйрықтары мен әдістемелік нұсқаулықтарын, ауыл шаруашылығы басқармасы туралы ережені және осы ережені басшылыққа алады.
Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен облыс әкімі бекітеді.
 
Міндеті: басқарма саясатын жүзеге асыру.

Функциялары:

  1) ауыл шаруашылығы салаларын дамытудың басымды мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға қатысу;
  2) агроөнеркәсіп кешеніндегі реформаларды тереңдетуді, жетілдіруге, шаруашылық жүргізудің әртүрлі үлгілерін дамытуға қатысу;
  3) егін шаруашылығы саласындағы басымды бағыттарды анықтау, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің озат технологияларын     енгізуге ықпал ету;
  4) ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруде алдыңғы қатарлы технологиялармен шетелдік озық тәжірибені енгізуге ықпал ету;
5) ауыл шаруашылығы жұмыстарын өткізуде әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету;

6) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау;
7) бекітілген кестеге сәйкес жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығы тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарын жыл сайынғы айқындауды жүзеге асыру;
8) астық қабылдау кәсіпорындары зерттеп-тексеру актілерін ресімдеуді қамтитын бақылауды жүргізу;
9) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тұтастай немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұру;
10) әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінде астық нарығын мониторингтеуді жүзеге асыру;
11) астық қабылдау кәсіпорындарының: Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу; астықты сақтау; астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және оларды өтеу қағидаларын сақтауын бақылау;
12) өсімдіктерді қорғау саласында халық арасында түсіндіру жұмысын ұйымдастыру мен жүргізу, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық мониторинг жүргізу жөнінде әдістемелік көмек көрсету;
13) өсімдіктерді қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер және фитосанитариялық іс-шаралар туралы мүдделі адамдарға ақпарат беруді ұйымдастыру;
14) пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), өткізу және қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау;
15) ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру мен өндірудің технологиясын олардың көлемі мен сапасын сақтауды қамтамасыз етеді;
16) ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруға қатысады;
17) тиісті кәсіпорындар мен мекемелермен бірлесе отырып астық қорларының мемлекеттік балансын жасауға қатысу;
18) облыстың ауыл шаруашылығында мемлекеттік және мемлекеттік емес кешенінің ара қарым - қатынас әрекетінің механизмін жасау;
19) ауыл шаруашылығын дамытуға мемлекеттік жағынан қолдау мен көмек көрсету жөніндегі ұсыныстар дайындауды қамтамасыз ету;
20) минералды тыңайтқыштар мен гербицидтерді субсидиялау бағдарламасы бойынша белгіленген нормативтерге сәйкес субсидия беру;
21) Карантинді объектілердің таралуының есебін жүргізеді және уәкілетті орган мен мүдделі тұлғаларға ақпарат береді;
22) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
23) мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілерінде осы объектілердің иелері – жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуін ұйымдастырады;
24) уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша тиiстi аумақтарда карантиндiк режимдi енгiзе отырып, карантиндi аймақты белгiлеу немесе оның күшiн жою туралы шешiм қабылдайды;
25) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
26) қайта өңдеу, терең өңдеу және инвестициялық субсидиялау жөнінде түсіндірме жұмыстарын насихаттау;
27) агроөнеркәсіп кешеніндегі егін шаруашылығы саласы бойынша инвестиция жобаларды іске асыруға ықпал ету;
28) техникалық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету;
29) ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз ету.
6. Құқығы:
  1. бөлімнің құзіретіне жататын мәселелер бойынша ауыл шаруашылығы басқармасы өткізетін жиындарға және басқа да шараларға қатысуға;
  2. бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша басқарма басшысының тапсырмасының орындалуын зерделеу мақсатында жұмысшы топтарын құру;
  3. белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардағы мәліметтердің ақпараттар қорын пайдалануға;
  4. мемлекеттік байланыс және коммуникациялық жүйелерін пайдалануға;
  5. басқарма басшысының тапсырмасы бойынша өзге де уәкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы
Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
Бөлімді мемлекеттік әкімшілік қызметші болып табылатын, басқарма басшысы тағайындайтын және босататын бөлім басшысы басқарады, ол:
бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына жеке жауап береді;
бөлім қызметкерлері арасында міндеттердің бөлінуін, қажетті тәртіпті және еңбекті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
бөлім қызметін, оның әрбір қызметкерін зерделейді және басқарма басшысына бөлім құрылымын жетілдіру, мамандарды лауазымға тағайындау және босату, оларды жазалау және көтермелеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес, оның құзіретіне кіретін басқарма басшысының тапсырмалары бойынша басқа да міндеттерді орындайды
Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімнің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға бөлім басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.


Структура отдела

А.Ж.Т
Лауазымы
Телефон №
1 Османбеков Ерлан Тұрарбекұлы Бөлім басшысы 8 (7282) 32-97-04
2 Беглов Руслан Белялұлы Бас маман 8 (7282) 32-97-04
3 Диханбаев Талғат Асымұлы Бас маман  8 (7282) 32-97-04
4 Құнанбаев Ғабит Абайұлы  Бас маман  8 (7282) 32-97-04
5 Сарғалдақов Саят Жанатбекұлы Бас маман  8 (7282) 32-97-04

Антикоррупционная политика

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2017. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.