Отдел экономического планирования и анализа

Пошталық мекен-жай: 040000,Қазақстан Республикасы, Алматы облысы,Талдықорған қ.,Қабанбай батыр көшесі,26

Электрондық пошта: obl_ush@mail.ru

Телефон: 8(7282) 32-97-00

Факс: 8(7282) 32-97-00



Бөлім басшысы - Увалит Жанар Тұрысжанқызы

Бөлімнің негізгі міндеттері:

басқарма саясатын жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымындағы №827 Жарлығына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу және іске асыру;
Алматы облысының ауыл шаруашылығын дамыту бойынша стратегиялық мақсаттар мен басымдықтарды қалыптастыру.
 
Бөлімнің негізгі функциялары
- Елбасының жыл сайынғы халыққа Жолдауын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуын үйлестіру;
- Елбасының 2014 жылдың 19-20 тамызы аралығында Алматы облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмаларының орындалуын зерделеу;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырыстарында берген тапсырмаларын орындау;
- Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған «АгроБизнес-2020» бағдарламасының жүзеге асырылуын үйлестіру;
- Алматы облысын дамытудың 2016 – 2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының агроөнеркәсіптік кешен бөлігін әзірлеу, жүзеге асырылуын үйлестіру;
- Алматы облысын әлеуметтік-экономикалық дамыту жоспарының ауыл шаруашылығы бөлігін әзірлеу, жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасының аграрлық сектор мәселелерін үйлестіру;
- «Өңірлерді дамыту» бағдарламасының аграрлық салаға қатысты бөлігін жүзеге асыру;
- Алматы агломерациясын дамыту жөніндегі іс-шаралардың 2020 жылға дейінгі өңіраралық жоспарын іске асыру;
- Алматы қаласы маңынан азық-түлік белдеуін дамыту жобасын үйлестіру;
- Қазақстан Республикасы шекара маңындағы аудандарды дамытудың 2020 жылға шаралар кешенін орындау;
- «Нұр Отан» сайлауалды тұғырнамасының «Ауылды қолдау және дамыту» бағытын іске асыру;
- Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау;
- экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі дағдарысқа қарсы іс-қимылдар жоспарының ауыл шаруашылығы саласы бөлігін орындау;
- Қазақстан Ресапубликасы Президенті Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі инспекторларының сұрауы бойынша талдамалық ақпараттар әзірлеу;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық кеңесіне ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты бағдарламалар бойынша материалдар дайындау;
- Үкімет пен облыс әкімі арасындағы меморандумға ауыл шаруашылығы индикаторларын ұсыну;
- жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау жүйесінің «Өңірде/салада стартегиялық мақсат пен міндеттерге қол жеткізу» бағытын іске асыру;
- Мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асырудағы өңірлер әкімдіктерінің қызметін жандандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының ауыл шаруашылығы саласына қатысты тармағын орындау;
- Алматы облысы әкімінің жыл сайынғы облыс халқы мен маслихат депутаттары алдындағы кезекті есеп беруіне ауыл шаруашылығына қатысты талдамалық ақпараттар әзірлеу;
- Алматы облысы әкімінің жыл сайынғы республикалық брифингіне талдамалық ақпараттар әзірлеу;
- Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша материалдар әзірлеу;
- облыс әкімдігі мен ауыл шаруашылығы басқармасы өткізетін алқа мәжілісіне материалдар дайындау;
- «Алматы облысы әкімінің Талдау орталығы» жүйесіне ауыл шаруашылығы саласының дамуы туралы ақпарат дайындау;
- басқармаға қарасты жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарын қарастырып, келісу;
- ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржылық қамтылуын зерделеу;
- ауыл шаруашылығы саласындағы сыртқы экономикалық байланысқа талдау жүргізу;
- облыс, аудан мен қалалардың, ауылдық елді мекендер бойынша ауыл шаруашылығы саласының дамуына мониторинг жүргізу;
- ауыл шаруашылығы құрылымдары бойынша ақпарат дайындау (сұранысқа сәйкес);
- үздік ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін анықтау конкурсын жүргізу;
- жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын тексеріп, мерзіміне сәйкес жауабын дайындау.

Бөлімнің негізгі құқықтары:
- ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты ұсыныстарды басқарма бастығының қарауына енгізуге;
- өз құзіреті шегінде салалық министрліктен, аудан және қала әкімдіктерінен, аудан және қалалардың ауыл шаруашылығы бөлімдерінен, басқа да ұйымдардан ақпарат сұрауға және алуға;
- бөлімге жүктелген міндеттерді іске асыруға.

 
Бөлім құрылымы
 
А.Ж.Т.
Лауазымы
Телефон №
1
Увалит Жанар Тұрысжанқызы
Бөлім басшысы 32-97-00
2
Мұсанова Ақжан Дүйсенқызы
Бас маман 32-97-00
3
Жанұзақов Самат Серикұлы
Бас маман 32-97-00
4
Байшоранова Жазира Айханқызы
Бас маман 32-97-00

Антикоррупционная политика

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2017. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.