Руководство

Руководитель управления - Бекишов Сексембай Толеубаевич

Лауазымдық нұсқаулық Алматы облыстық ауыл шаруашылығы
басқармасының басшысы Бекішов Сексембай Төлеубайұлы
 

1. Жалпы ережелер
1.1. Басқарма басшысы өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, білуі міндетті. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді, басқарманың Ережесі мен регламентін, басқарма басшысының бұйрықтарын, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.

2. Басқарма басшысының құқықтары
Лауазымдық міндетті атқару үшін әкімшілік мемлекеттік қызметшіге «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 9-бабымен белгіленген құқықтар беріледі, сонымен қатар:

2.1. Кәсіптік деңгейін жоғарылату үшін қайта даярлау және біліктілікті көтеру курстарына қатысуға;
2.2. Құрылымдық бөлімдерге, қызметкерлерге құзырына жататын мәселелер бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсетуге;
2.3. Облыстық басқармалардан, аудандық, қалалық ауылшаруашылығы бөлімдерінен қажетті мәліметтерді сұрауға және алуға;
2.4. Басқарманың құрылымдық бөлімшелер басшыларының, «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін өз құзыреті шегінде анықтауға;
2.5. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындауға және босатуға;
2.6. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін, қарамағындағы құрылымдық бөлімшелер басшыларын заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандыруға және тәртіптік жазалар қолдануға;
2.7. Өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығаруға;
2.8. Мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіруге;
2.9. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге, сол үшін жеке жауапкершілікті алуға;
2.10. Шарттар мен келісімдер жасап, сенімхаттар беруге;
2.11. Лицензияларға қол қоюға;
2.12. Басқарманың мүдделерін сенімхатсыз қорғауға;
2.13. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттардың жобаларын белгіленген тәртіппен облыс әкімінің қарауына енгізуге.
 
3. Басқарма басшысының міндеттері
Өзінің лауазымдық міндеттерін атқару үшін әкімшілік мемлекеттік қызметші «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 10-бабында белгіленген міндеттерді және төмендегі функционалдық міндеттерді атқаруы тиіс:
3.1. Басқарманың қызметін басшылыққа ала отырып, жүктелген міндеттердің орындалуын қадағалауға және басқармада біртұтас мемлекеттік саясаттың жүргізілуін қамтамасыз етуге;
3.2. Орынбасарлар, бөлім басшылары және қызметкерлерінің арасындағы міндеттерін белгілеп, қызметтерін үйлестіруге;
3.3.Басқарманың құқықтарын, мүліктік мүдделерін, қаржылық тәртіптіліктің сақталуына қадағалауды жүзеге асыруға;
3.4. Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, Ауыл шаруашылығы министрінің, облыс әкімінің басқарманың құзырына қатысты мәселелер бойынша актілері мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етуге;
3.5. Облыс әкімінің аппараты бекіткен штат санымен еңбекке ақы төлеу қорының шегінде қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін бекітуге;
3.6. Ауыл шаруашылығы саласында индустриялық-инновациялық дамытуды қамтамасыз етуге;
3.7. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын, Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын, мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен басқа да стратегиялық құжаттардың негізгі басымдықтарын өңірде түсіндіру мен насихаттауды қамтамасыз етуге;
3.8. Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне сәйкес агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау бағдармаларын жүзеге асыруға;
3.9. Ауыл шаруашылығын дамытуға арналған мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыруға;
3.10. Фермерлік және шаруа қожалықтарына көрсетілетін сервистік қызметті жақсарту үшін МТС (машина-технологиялық станция) құруға бағыттылған бағдармаларға қатысуға;
3.11. Облыстың ішкі тұтымын қанағаттандырып және облыстан тысқары жерлерге шығару үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен өндіру қарқынын күшейту жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыруға;
3.12. Агроөнеркәсіп секторында инвестицияларды пайдаланудың басымдық бағыттарын анықтауға, инвесторлар мен инвестиция тарту мақсатында коммерциялық тауар өндірушілер және мемлекеттік құрылымдар арасында жүргізілетін жұмыстарға басшылық етуге;
3.13. Егін шаруашылығы жүйесінде Ғылыми Зерттеу институттары және Мемлекеттік тұқым сорт сынақ мекемелерімен бірлесе отырып, шаруашылықтарда келешекте мол өнім беретін жоғары сапалы техникалық, мал азықтық дақылдарының, көкөніс, картоп, жемістер, шөптердің тұқымдарымен себілуіне қол жеткізуге, суландырудың озық жүйелерін жоспарлап өндіріске енгізуге, астық өндірісінің қарқынды дамуын ұйымдастыруға;
3.14. Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге алдыңғы қатарлы технологиялармен шетелдік озық тәжиербені енгізуге ықпал етуге;
3.15. Астық өндіру мен сақтаудың жаңа озық технологияларын енгізуге;
3.16. Бюджеттік бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге минералдық тыңайтқыштар, тұқым улағыштар мен гербицидтер құнын арзандатуды жүзеге асыруға;
3.17. Өсімдіктерді қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер және фитосанитариялық іс-шаралар туралы мүдделі адамдарға ақпарат беруді ұйымдастыруға;
3.18. Мал шаруашылығы салаларына бірыңғай технологиялық саясат жүргізіп, озат тәжірибемен ғылым жетістіктерін енгізуге;
3.19. Қазақстан Республикасы «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңын жүзеге асырып, мал шаруашылығында селекциялық асылдандыру жұмысын ұйымдастыруға;
3.20. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырып, мемлекеттік саясатты іске асыруға;
3.21. Қазақстан Республикасы АШМ су ресурстары жөніндегі Комитетімен, Балқаш-Алакөл бассейндік су шаруашылығы басқармасымен, су шаруашылығы мәселесі бойынша ғылыми өндірістік орталықтарымен бірлесіп жұмыс атқаруға;
3.22. Су объектiлерiн ұтымды пайдалану, елдi мекендердi сумен жабдықтау, су бұру жөнiндегi, оның iшiнде жердi гидромелиорациялау, су шаруашылығы жүйелерi мен құрылыстарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеу және оларды iске асыру жұмыстарын қадағалауға;
3.23. Ауыл шаруашылығы құрылымдарын қаржыландыру, болжам жасау және Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін орнықты дамыту жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру, қаржы бағдарламасын даярлап, іске асуын қадағалау, қаржыландырудың инвестициялық саясатының негізгі бағыттарын іске асыру, бухгалтерлік есеп пен есеп беру шараларына басшылық етуге;
3.24. Үкімет тарапынан бөлініп жатқан субсидиялық бағдарламалардың орындалуын қадағалап, оның игерілуін және құжаттардың уақытында дайындалуын қадағалауға;
3.25. Сотқа шағымдану арыздарына, сенім хаттарға өз өкілеттігі аясында қол қоюға. Белгіленген кесте бойынша азаматтарды қабылдауға;
3.26. Орынбасарларға, Бухгалтерлік есеп және қаржыландыру бөліміне тікелей басшылық жасайды;
3.27. Техникалық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз етуге;
3.28. Ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз етуге.
 
4. Басқарма басшысының жауапкершілігі
4.1. Әкімшілік мемлекеттiк қызметшi өзiне жүктелген мiндеттердi орындамағаны және тиiсiнше орындамағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны, лауазымдық өкiлеттiгiн асыра пайдаланғаны, мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн бұзғаны үшiн, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңында белгiленген, мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулердi сақтамағаны үшiн Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларына сәйкес тәртiптiк жазаға тартылады.


Басқарма басшысының орынбасары - Сақмолдин Саят Сарқытбайұлы

Лауазымдық нұсқаулық Алматы облыстық ауыл шаруашылығы
басқармасы басшысының орынбасары Сақмолдин Саят Сарқытбайұлы

1. Жалпы ережелер
1. Басқарма басшысының орынбасары өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, сондай-ақ функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді білуі міндетті. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді, басқарманың Ережесі мен регламентін, басқарма басшысының бұйрықтарын, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.
 
2. Басқарма басшысы орынбасарының құқықтары
Лауазымдық міндетті атқару үшін әкімшілік мемлекеттік қызметшіге «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 9-бабымен белгіленген құқықтар беріледі, сонымен қатар:
2.1. Кәсіптік деңгейін жоғарылату үшін қайта даярлау және біліктілікті көтеру курстарына қатысуға;
2.2. Құрылымдық бөлімшелерге, қызметкерлерге бөлімдердің құзырына жататын мәселелер бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсетуге;
2.3. Облыстық басқармалардан, аудан және қала ауыл шаруашылығы бөлімдерінен қажетті мәліметтерді сұрауға және алуға;
2.4. Осы қызметтік нұсқаулықта анықталған міндеттемелердің жетілдіруіне ұсыныстар енгізуге;
2.6. Келіп түскен өтініштер мен шағымдарды қарастыру ісіне қатысуға.
 
3. Басқарма басшысы орынбасарының міндеттері
Өзінің лауазымдық міндеттерін атқару үшін әкімшілік мемлекеттік қызметші «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 10-бабында белгіленген міндеттерді және төмендегі функционалдық міндеттерді атқаруы тиіс:
3.1. Мекеме құзырындағы ұйымдардың және Бөлім басшылары мен қызметкерлерінің толыққанды жұмыс жасауын ұйымдастыруға, олардың жұмыстарына басшылық жасауға және басқарма басшысы тапсырған жұмыстардың сапалы және уақытылы орындалуын қадағалауға;
3.2. Басқармада біртұтас мемлекеттік саясаттың жүргізілуін қамтамасыз етуге;
3.3. Экономикалық қарым-қатынастарды жетілдіру, талдау мен болжамдау жұмыстарын қадағалауға;
3.4. Ауыл шаруашылығын дамытуға арналған мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыруға;
3.5. Ауыл шаруашылығын дамытудың орта және ұзақ мерзімді жоспарларын әзірлеу, орындалуына талдау және мониторинг жүргізуге;
3.6. Ауылды аумақтарды дамыту жұмыстарын үйлестіруге;
3.7. Еңбек тәртібіне негізделген жұмыс процесінің тұрақты орындалуын қадағалауға;
3.8. Басқарманың алқа мәжілісі мен аппараттың жұмыс жоспарының жасалуын, алқа мәжілісінің іс қағаздарының дайындалуын, басқа да ұйымдастыру шараларын өткізуді қадағалауға;
3.9. Қайта өңдеу саласына берілетін субсидиялау бағдарламалары бойынша субсидия төлеу жұмыстарын қадағалауға;
3.10. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өтімі жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға;
3.11. Ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында, инвесторлар мен инвестиция тарту мақсатында коммерциялық тауар өндірушілер және мемлекеттік құрылымдар арасында жүргізілетін жұмыстарға басшылық етуге;
3.12. Ауыл шаруашылығы құрылымдарын қаржыландыру, болжам жасау және Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін орнықты дамыту жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру, қаржы бағдарламасын даярлап, іске асуын қадағалау, қаржыландырудың инвестициялық саясатының негізгі бағыттарын іске асыру, бухгалтерлік есеп пен есеп беру шараларына басшылық етуге;
3.13.Кіріс және шығыс іс қағаздарының, келіп түскен хаттардың тіркелуін, олардың қағаз және электронды түрде өз мерзімінде орындалуын қадағалауға;
3.14. Сотқа шағымдану арыздарына, сенім хаттарға өз өкілеттігі аясында қол қоюға. Белгіленген кесте бойынша азаматтарды қабылдауға;
3.15. Бухгалтерлік есеп және қаржыландыру бөліміне, Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, маркетинг бөліміне, техникалық бөлім және мал шаруашылығы бөліміне жетекшілік етіп, қызметіне тікелей басшылық жасайды;
3.16. Техникалық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз етуге;
3.17. Ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз етуге.
 
4. Басқарма басшысы орынбасарының жауапкершілігі
4.1. Әкімшілік мемлекеттiк қызметшi өзiне жүктелген мiндеттердi орындамағаны және тиiсiнше орындамағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны, лауазымдық өкiлеттiгiн асыра пайдаланғаны, мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн бұзғаны үшiн, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңында белгiленген, мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулердi сақтамағаны үшiн Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларына сәйкес тәртiптiк жазаға тартылады.



Басқарма басшысының орынбасары - Омаров К А

Лауазымдық нұсқаулық Алматы облыстық ауыл шаруашылығы
басқармасы басшысының орынбасары

Лауазымдық нұсқаулық Алматы облыстық ауыл шаруашылығы

басқармасы басшысының орынбасары Омаров Коюмчан Аванұлы
1. Жалпы ережелер

1. Басқарма басшысының орынбасары өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, сондай-ақ функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді білуі міндетті. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді, басқарманың Ережесі мен регламентін, басқарма басшысының бұйрықтарын, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.

 

2. Басқарма басшысы орынбасарының құқықтары

Лауазымдық міндетті атқару үшін әкімшілік мемлекеттік қызметшіге «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 9-бабымен белгіленген құқықтар беріледі, сонымен қатар:

2.1. Кәсіптік деңгейін жоғарылату үшін қайта даярлау және біліктілікті көтеру курстарына қатысуға;

2.2. Құрылымдық бөлімшелерге, қызметкерлерге бөлімдердің құзырына жататын мәселелер бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсетуге;

2.3. Облыстық басқармалардан, аудан және қала ауыл шаруашылығы бөлімдерінен қажетті мәліметтерді сұрауға және алуға;

2.4. Осы қызметтік нұсқаулықта анықталған міндеттемелердің жетілдіруіне ұсыныстар енгізуге;

2.6. Келіп түскен өтініштер мен шағымдарды қарастыру ісіне қатысуға.

 

3. Басқарма басшысы орынбасарының міндеттері

Өзінің лауазымдық міндеттерін атқару үшін әкімшілік мемлекеттік қызметші «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 10-бабында белгіленген міндеттерді және төмендегі функционалдық міндеттерді атқаруы тиіс:

3.1. Мекеме құзырындағы ұйымдардың және Бөлім басшылары мен қызметкерлерінің толыққанды жұмыс жасауын ұйымдастыруға, олардың жұмыстарына басшылық жасауға және басқарма басшысы тапсырған жұмыстардың сапалы және уақытылы орындалуын қадағалауға;

3.2.  Барлық шаруашылық категорияларында мал шаруашылығы өнімдерін көбейтудің біртұтас мемлекеттік саясатын жүргізуге және жаңа технология саласын енгізу;

3.3. Тұқым шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүргізу;

3.4. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;

3.5. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға;

3.6. Уәкілетті органның қарауына элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының элиталық тұқымдарды өндіру мен өткізу көлемі жөнінде ұсыныстар енгізуге;

3.7. Ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпарат беруді қамтамасыз етуге;

3.8. Субсидияланған бірегей және элиталық тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылауға;

3.9. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің міндетті сақтандыру шартын жасау бойынша міндеттердің орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

3.10.Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тізбе мен тәртіпке сәйкес зиянды организмдерге қарсы күрес жөнінде іс-шаралар жүогізуді қамтамасыз етуге;

3.11. Су обьектілерін ұтымды пайдалану және қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау, жерді гидромелиорациялау, су шаруашылығы жүйелері мен құрылысының қауіпсіздігін қаматасыз ету жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етуге;

3.12.  Комуналдық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарын басқаруға, оларды қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;

3.13.  Белгіленген кесте бойынша азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдауға;

3.14. Егін шаруашылығы, тұқым шаруашылығы және су шаруашылығы бөлімдеріне жетекшілік етіп, қызметіне тікелей басшылық жасайды;

3.16. Техникалық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз етуге;

3.17. Ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз етуге.

 

4. Басқарма басшысы орынбасарының жауапкершілігі

4.1. Әкімшілік мемлекеттiк қызметшi өзiне жүктелген мiндеттердi орындамағаны және тиiсiнше орындамағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны, лауазымдық өкiлеттiгiн асыра пайдаланғаны, мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн бұзғаны үшiн, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңында белгiленген, мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулердi сақтамағаны үшiн Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларына сәйкес тәртiптiк жазаға тартылады.

Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасының Әдеп жөніндегі уәкілі туралы мәлімет

р/c

Аты – жөні

Лауазымы

Кабинеті

Телефон нөмірі

   1

 Оңғарбаев Сәбит  Жылқыбекұлы

Басшының орынбасарының уақытша міндетін атқарушы

(Су шаруашылығы бөлімінің басшысы)

    216

   32-96-96

   8778-9760606

Антикоррупционная политика

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2017. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.