План работ управления


 

«Бекітемін»

«      »  ақпан  2017ж.

Басқарма басшысы

____________ C. Бекішов

 

Ауыл шаруашылығы басқармасының

2017 жылға арналған жылдық жұмыс жоспары

 

№ р/с

Іс-шаралардын атауы

Орындау мерзімі

Жауапты мамандар

I тоқсан

  1.  

Ауыл  шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібінің 20172021 жылға арналған даму болжамын әзірлеу

ақпан

Экономикалық жоспарлау және талдау бөлімі, барлық бөлімдер

2.

Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру Ережесі жобасын қарастыру, келісім жүргізу

қаңтар-наурыз

Тұқым, егін, мал, су шаруашылығы, техникалық бақылау  және  ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу, маркетинг бөлімі

3.

Бюджеттік, несиелік бағдарламалар бойынша агросубъектілер арасында түсіндіру семинарларын ұйымдастыру

қаңтар-наурыз

Тұқым, егін, мал, су шаруашылығы, техникалық бақылау  және  ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу, маркетинг бөлімі

4.

Жеке шаруашылықтарда жанұялық сүт  фермасы мен бордақылау алаңын құру, кооперативке бірігу, жылыжай салу, шикізат даярлау және мал сою пунктін ашу, арнайы техника сатып алу бойынша өңірлік семинар-кеңестер өткізу

ақпан-наурыз

Мал және егін шаруашылығы,  ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу, маркетинг бөлімі

5.

Тұқым және көшет шаруашылықтары тарапынан сатылатын материал көлемін анықтап, хабарландыру жұмысын жүргізу

қаңтар

Тұқым шаруашылығы бөлімі

6.

Агросубъектілер арасында агрооқулар ұйымдастыру

қаңтар- ақпан

Егін шаруашылығы бөлімі

7.

Арзандатылған дизель отынын жеткізуші «операторды» анықтау конкурсын өткізу

қаңтар мен қыркүйек

Техникалық бақылау бөлімі

8.

Техниканы есепке алу / тіркеу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсын жүргізу

ақпан

Бухгалтерлік есеп және қаржыландыру, техникалық бақылау бөлімдері

9.

Су тасқынының алдын алу шараларын ұйымдастыру

ақпан

Су шаруашылығы бөлімі

10.

Көктемгі дала жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде өңірлік семинар-кеңестер өткізу

ақпан

Егін шаруашылығы бөлімі

11.

Минералды тыңайтқыш пен  гербицидке қажеттілікті анықтап, көлемін айқындау

қаңтар-наурыз

Егін шаруашылығы бөлімі

12.

Дақылдар тұқымы сапасын тексеру жұмысын ұйымдастыру, сақталу жағдайын зерделеу

қаңтар-наурыз

Тұқым шаруашылығы бөлімі

13.

Панфилов, Кербұлақ, Көксу, Талғар аудандары мен Талдықорған қаласының тұқым шаруашылықтарын қайта аттестациядан өткізу

ақпан-наурыз

Тұқым шаруашылығы бөлімі

14.

Мал қыстату науқанын сапалы өткізу

қаңтар-ақпан

Мал шаруашылығы бөлімі

15.

Қой төлдетуге дайындық жүргізу

наурыз

Мал шаруашылығы бөлімі

16.

Ауыл шаруашылығы кооперативін құру,  дайындаушы ұйымдардың қосымша құн салығын субсидиялау механизмін түсіндіруге бағытталған кеңес өткізу

ақпан

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, маркетинг бөлімі, барлық бөлімдер

17.

Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму мониторингін жүргізу

ақпан

Экономикалық жоспарлау және талдау бөлімі

II тоқсан

18.

Дала жұмыстарын жүргізу және оған қажетті тауар-материалдық құндылықтың жинақталуына, техника даярлығына мониторинг жүргізу

наурыз-мамыр

Егін шаруашылығы, техникалық бақылау бөлімі бөлімі

19.

Көктемгі дала жұмыстары мен қой төлдету науқанын сапалы өткізу

сәуір-мамыр

Егін, мал, су, шаруашылығы және техникалық бақылау бөлімі

20.

Бюджеттік бағдарламалардың Ережесі жобасын бекіту

сәуір-мамыр

Тұқым, егін, мал, су шаруашылығы, техникалық бақылау  және  ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу, маркетинг бөлімі

21.

2018 жылға арналған бюджет өтінімін даярлау

сәуір

Бухгалтерлік есеп және қаржыландыру бөлімі, барлық бөлімдер

22.

«Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан», «Ырыс» бағдарламалары бойынша  семинар-кеңестер өткізу

сәуір

Мал шаруашылығы бөлімі

23.

Тұқым шаруашылығы субсидиялау бойынша тұқым инспекторларымен кеңес өткізу

мамыр

Тұқым шаруашылығы бөлімі

24.

Алакөл, Еңбекшіқазақ, Қаратал, Қарасай, Көксу, Кербұлақ, Панфилов, Райымбек, Ұйғыр ауданының тұқым субъектілерін қайта аттестациядан өткізу

мамыр-маусым

Тұқым шаруашылығы бөлімі

25.

Ауыл шаруашылығы дақылдары апробаторларын дайындау курстарын өткізу

наурыз-маусым

Тұқым шаруашылығы бөлімі

26.

Жаздық дәнді дақылдарды міндетті сақтандыру жұмысын жүргізу

мамыр

Тұқым шаруашылығы бөлімі

27.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігі бойынша 4 А/Ш есебін жасау

мамыр

Егін шаруашылығы бөлімі

28.

Астық сақтау қоймаларының дайындығын қамтамасыз ету

мамыр-маусым

Егін шаруашылығы бөлімі

29.

Карантинді зиянкестер, арамшөптер және ауруларға қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын ұйымдастыру

сәуір-маусым

Егін шаруашылығы бөлімі

30.

Саяқ шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмысын жүргізу

сәуір-маусым

Егін шаруашылығы бөлімі

31.

Ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуші субъектілермен халықаралық талапқа сай сапа сертификатын енгізуге шыққан шығынды өтеу механизмі туралы семинар кеңес өткізу

маусым

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, маркетинг бөлімі

III тоқсан

32.

Дала жұмыстарын жүргізу және оған қажетті тауар-материалдық құндылықтың жинақталуына, техника даярлығына мониторинг жүргізу

шілде-тамыз

Егін шаруашылығы, техникалық бақылау бөлімі бөлімі

33.

Карантинді зиянкестер, арамшөптер және ауруларға қарсы химиялық өңдеу жұмыстарының тиімділігін анықтау

шілде-қыркүйек

Егін шаруашылығы бөлімі

34.

Дәнді, майлы, жүгері, картоп пен жеміс көшеті питомниктерінде апробация жүргізу

шілде-қараша

Тұқым шаруашылығы бөлімі

35.

Райымбек, Ұйғыр Ескелді аудандарының тұқым шаруашылықтарын қайта аттестациядан өткізу

шілде-қыркүйек

Тұқым шаруашылығы бөлімі

36.

Облыста тұқым шаруашылығын жақсарту жолдары және ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттарын өндіріске енгізу туралы кеңес өткізу

тамыз

Тұқым шаруашылығы бөлімі

37.

Саяқ шегіртке қарсы күзгі зерттеу жұмысын жүргізіп, 2018 жылғы болжамдық көлемін анықтау

тамыз-қыркүйек

Егін шаруашылығы бөлімі

38.

Астық қабылдау мекемелерінің жаңа өнім қабылдауға дайындығын қадағалау

тамыз

қыркүйек

Егін шаруашылығы бөлімі

39.

Облыс әкімінің қатысуымен егін жинау жұмыстарын ұйымшылдықпен өткізу туралы семинар-кеңес өткізу

қыркүйек

Егін шаруашылығы бөлімі

40.

Мал азығын дайындау, сүдігер айдау, күзгі бидай егу, ауыл шаруашылығы өндірісіне қор үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстарын жүргізу

тамыз

қыркүйек

Егін шаруашылығы бөлімі

41.

Мал бордақылау алаңдарын құру және бұқашықтарға толтыру туралы семинар-кеңес өткізу.

тамыз

Мал шаруашылығы бөлімі

42.

Су шаруашылығы нысандарын күрделі жөндеу жұмыстарын қабылдап алу

қыркүйек-желтоқсан

Су шаруашылығы бөлімі

IV тоқсан

43.

Дала жұмыстарын жүргізу және оған қажетті тауар-материалдық құндылықтың жинақталуына, техника даярлығына мониторинг жүргізу

қазан-қараша

Егін шаруашылығы, техникалық бақылау бөлімі бөлімі

44.

Қой шаруашылығында атқаратын селекциялық асылдандыру жұмыстары туралы семинар-кеңес өткізу

қазан

Мал шаруашылығы бөлімі

45.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау бойынша 29 А/Ш есебін жасау

қараша

Егін шаруашылығы бөлімі

46.

Маусым аралығына қоймаларға көкөніс, картоп және жеміс-жидек салу жұмысын ұйымдастыру

қазан-қараша

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, маркетинг бөлімі

47.

Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған облыстық кеңес өткізу

қараша

Барлық бөлім

48.

Дақылдар тұқымы сапасын тексеруді ұйымдастыру, сақталу жағдайын зерделеу

қазан-желтоқсан

Тұқым шаруашылығы бөлімі

49.

Панфилов, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Сарқан аудандарының тұқым шаруашылықтарын қайта аттестациядан өткізу

қараша-желтоқсан

Тұқым шаруашылығы бөлімі

50.

2018 жылы егілетін егіс көлемінің құрылымын айқындау

желтоқсан

Егін шаруашылығы бөлімі

51.

Тұқым балансын құрастыру, 2018 жылға қажетті тұқым көлемін айқындау

қазан қараша

Тұқым шаруашылығы бөлімі

52.

Асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тізілімін  қалыптастыру

желтоқсан

Мал шаруашылығы бөлімі

53.

Бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарын бекіту

желтоқсан

Бухгалтерлік есеп және қаржыландыру бөлімі, барлық бөлімдер

Тоқсан аралық жұмыстар

54.

Су шаруашылығы нысандары бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізу

қаңтар-сәуір, шілде- тамыз

Су шаруашылығы бөлімі

55.

Суару жүйесін күрделі/ағымдағы жөндеу үшін жобалық-сметалық құжат дайындау

қаңтар-маусым

Су шаруашылығы бөлімі

56.

Аса қауіпті және зиянды организімдерге қарсы  шараларды ұйымдастыру бойынша  іс шаралар жоспарын жасап, орындалуын қамтамасыз ету

ақпан-қыркүйек

Егін шаруашылығы бөлімі

57.

Өсімдік саласындағы карантиндік аймақты белгілеу, шараларды іске асыру

ақпан-қыркүйек

Егін шаруашылығы бөлімі

58.

Жеміс ағаштарының бактериялды күйігі ауруының алдын алу, оқшаулау, химиялық өңдеу/ жою жұмысын жүргізу

сәуір-қыркүйек

Егін шаруашылығы бөлімі

59.

Мемлекеттік суландыру жүйелерін құжаттандыру жұмысын жүргізу

сәуір-қазан

Су шаруашылығы бөлімі

60.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын апробациядан өткізу

маусым-қараша

Тұқым шаруашылығы бөлімі

61.

Күздік дақылдарды сақтандыру жұмыстарын ұйымдастыру

қыркүйек желтоқсан

Тұқым шаруашылығы бөлімі

62.

Алматы, Қапшағай, Талдықорған және Текелі қалаларында дәстүрлі түрде өткізілетін күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін ұйымдастыру

қыркүйек-желтоқсан

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, маркетинг бөлімі

Тұрақты жұмыстар

63.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың "Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты   Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру

күнделікті

Барлық бөлімдер

64.

Бюджеттік бағдарламалардың игерілуін қамтамасыз ету

күнделікті

Бухгалтерлік есеп және қаржыландыру бөлімі, барлық бөлімдер

65.

Аграрлық салаға инвестия тарту, Елбасының «Ұлт Жоспары – 100 қадам» белгіленген 60,61 қадамдарды іске асыру, жобаларға мониторинг жүргізу

ай сайын

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, маркетинг бөлімі, барлық бөлім

66.

«ЭКСПО-2017» көрмесіне облыстан ауыл шаруашылығы өнімін жеткізу жұмыстарын жүргізу

күнделікті

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, маркетинг бөлімі

67.

Жанұялық сүт  фермасы мен бордақылау алаңын құру, кооперативке бірігу, жылыжай салу, шикізат даярлау және мал сою пунктін ашу, арнайы техника сатып алу шараларын іске асыру

күнделікті

Мал және егін шаруашылығы,  ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу, маркетинг бөлімі

68.

Жылыжай шаруашылығының қызметіне мониторинг жүргізу

күнделікті

Егін шаруашылығы бөлімі

69.

Астық қабылдау мекемелеріне қолхат беру және лицензиялау

күнделікті

Егін шаруашылығы бөлімі

70.

Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), өткізу және қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау

күнделікті

Егін шаруашылығы бөлімі

71.

Пестицидтен босаған ыдыстарды заласыздандыру

күнделікті

Егін шаруашылығы бөлімі

72.

Су қоймаларының  толтырылуы, түскен/ тасталған су көлеміне, нысандардың                    суару науқанына дайындығына мониторинг жүргізу

күнделікті

Су шаруашылығы бөлімі

73.

Ауыл шаруашылығы техникаларының базасы, жаңару және тозу деңгейіне, сервистік-даярлау орталықтарының қызметіне мониторинг жүргізу

ай сайын

Техникалық бақылау бөлімі

74.

БАБЖ (ЕАСУ) базасына енгізілген мәліметті қабылдап, өңдеу

ай сайын

Техникалық бақылау бөлімі

75.

Рұқсат қағаздардың Е-Лицензиялау мәлімет базасына енгізілуіне монитиоринг жүргізу

ай сайын

Техникалық бақылау бөлімі

76.

«Сыбаға», «Құлан», «Алтын Асық», «Ырыс» бағдарламасы мен ет экспорты, тұқымдық түрлендіру жобасын орындау

күнделікті

Мал шаруашылығы бөлімі

77.

Тауарлы сүт фермалары мен мал бордақылау алаңдарының қуаттылығын игеру жұмысын ұйымдастыру

күнделікті

Мал шаруашылығы бөлімі

78.

Құс фабрикаларының жұмысын, жұмыртқа және бройлерлік ет өндірісін дамытуды ұйымдастыру

күнделікті

Мал шаруашылығы бөлімі

79.

Асыл тұқымды малдың палатаға тіркелуі, ірі / ұсақ малды қолдан ұрықтандыру жұмыстарын жүргізу

ай сайын

Мал шаруашылығы бөлімі

80.

Ауыл шаруашылығы саласының дамуына мен оны қолдауға бөлінген бюджет / несие қаражатына мониторинг жүргізу

ай сайын

Экономикалық жоспарлау және талдау бөлімі

81.

Тамақ өнеркәсібінің қызметіне мониторинг жүргізу, олардың қуаттылығын арттыру, жаңа өндіріс пен даярлау пунктін ашу жұмысын жүргізу

ай сайын

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, маркетинг бөлімі

82.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру

ай сайын

Экономикалық жос-парлау және талдау бөлімі, барлық бөлім

83.

Алматы қаласы маңынан азық-түлік белдеуін мен Алматы агломерациясын дамыту жобаларын іске асыру

ай сайын

Экономикалық жос-парлау және талдау бөлімі, барлық бөлімдер

84.

Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметі және басқа басқа да мемлекеттік органдардан келген хабарлама, хаттамалардың   мерзіміне орындалуын қамтамасыз ету

күнделікті

Жалпы бөлім,            барлық бөлімдер

85.

Еңбек қауіпсіздігі, өртке қарсы күрес туралы азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай қызметімен жұмыс жүргізу

жыл бойы жоспарға сәйкес

Техникалық бақылау бөлімі

86.

Ауыл шаруашылығындағы атқарылған жұмыстар жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарына материалдар ұсыну

күнделікті

Барлық бөлімдер

         

 

________________________________________________

 

Антикоррупционная политика

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2017. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.